ДӘМДІ ЖӘНЕ ТЕЗ Қияр мен ет қосылған салат
Құрамы:
1 кг. қияр
500 гр. ет (қой н/е сиыр еті)
1 кіші пияз
1 уыс жусай
1 тал тәтті бұрыш
2 тал сарымсақ (чеснок)
1/2 шәй қасық қызыл ашты
бұрыш және шекер
1 шәй қасық кориандр
2 ас қасық уксус 5%
3-4 ас қасық сұйық май
3-4 ас қасық соя соусы
1 шәй қасық тұз
Дайындалуы:
Қиярдың екі ұшын кесіп алып
тастаймыз да, ортасынан екіге
бөліп, әрқайсысын 3-4 бөлікке
ұзындығынан бөлеміз. Тұз
сеуіп, бетін жауып, 30 минутқа
қойып қоямыз.
Етті, пиязды, тәтті бұрышты
соломка ретінде тураймыз.
Жусайды 3-4 бөлікке
ортасынан бөлеміз.
Енді қиярдың суын төгіп
тастаймыз да, қиярдың үстіне
қызыл бұрыш, кориандр,
езілген сарымсақ және
шекерді қосамыз.
Қазандағы қыздырылған майға
етті қуырамыз. Еттің суы
тартылғанда пиязды, жусайды
және соя соусын қосамыз. 1-2
минут қуырамыз да оттан
түсіреміз. Енді қазандағы етті
қиярдың үстіне қосамыз. Татті
бұрышты және уксусты
қосамыз. 5 минуттан соң бәрін
араластырып, дастарханға
қоямыз. Жылыдай немесе
суықтай да жей беруге болады.